- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "3 айда -30...
"3 айда -30 келі". Төреғали Төреәлінің қарындасы артық салмақтан қалай арылғанын айтты
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина өзінің артық 30 келі салмағы бар кезін көрсетті. Бұл туралы ол өзінің instagram парақшасына жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мына видеоны көріп, өткенімді еске түсіріп, бір жылап алдым. Кәдімгідей денем тітіркеніп кетті. Сол артық 30 келі салмақпен жүрген кезім. Мен сіздерге "мүмкіндігінше ертерек бастау керек және белсенді әрекет ету керек" деп үнемі айтамын. Өзіңізді керемет ынталандыратын нәрсемен қоршап алыңыз. Мен бұл мәселені басқа ойлар болмағандықтан немесе басқа ісім болмағандықтан айтып отырған жоқпын. Менде де "Неге мен ертерек бастамадым? Ертерек бастағанда, мен өзімді мүлдем басқаша сезінетін едім" деген ой болған. Болашақта бір істі дәл қазір бастағаның үшін өзіңізге риза боласыз. Күмәндануды азайтып, әрекетті көбейтіңіз. Бәрі өз қолыңызда", - деп жазды әншінің қарындасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылар таңданысын жасыра алмай түрлі пікір қалдырды.
"Жарайсың, қалай арылдың?", "Өтірік-ау, мен сенбеймін", "3 айда -30 келі дегенге мүлде сенбеймін", "Жарайсың", "Аяғың ауыр болса, қайтадан осындай боласың", "Фотошоп секілді", - деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы