Қазақстанда 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында мәлім етті.
"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.
Еске сала кетсек, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19:00 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт шыққан. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиғадан 12 адам қайтыс болып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.