Қорғаныс министрлігі 29 маусым мен 2 шілде аралығында Қарулы күштерде жауынгерлік әзірлікті пысықтауға арналған кешенді тактикалық-саптық сабақтар өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.
Іс-шаралар жеке құрам мен бөлімшелердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталғаны атап өтіледі.
Министрліктің мәліметінше, бұл іс-шара жеке құрам мен бөлімшелердің практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
"Бұл іс-шаралар жоспарлы оқу-жаттығу сипатында өтеді. Олар негізінен әскери бөлімдердің аумағында және оқу полигондарында ұйымдастырылады. Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы байқалуы мүмкін. Жекелеген бөлімшелер жоспар бойынша оқу полигондары мен оқу орталықтарына марш жасайды. Сол уақытта өңірлердегі кейбір жол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін", — делінген хабарламада.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі азаматтарды, әлеуметтік желі қолданушыларын және БАҚ өкілдерін ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз