Синоптиктердің болжамынша, 29 қарашада Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, қар жауып, жаяу боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 5-7 градус аяз.
Алматы - ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 6-8 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, кей кездері екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 5-10 градус аяз, күндіз 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында.
Шымкент - ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 8-10 градус жылы.
Ақмола облысы - қар жауып, жаяу боран соғады. Солтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-20 метр, облыстың шығысында кей уақытта 23 метрге жетеді, күндіз жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 5-10 градус аяз. Көкшетау күн құбылмалы, түнде қар жауып, жаяу боран соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.
Ауа температурасы түнде де, күндіз де 7-9 градус аяз.
Алматы облысы - түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, таулы аудандарда 5-10 градус аяз, күндіз 5-10 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында. Қонаевта күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.
Жетісу облысы - түнде облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аудандарда қар, күндіз облыстың шығысы мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыс орталығында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың шығысында және таулы аудандарда тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20, кей кездері секундына 25 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, таулы аудандарда 6 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0 градус болады. Талдықорғанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
Түркістан облысы - облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, таулы аудандарда екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, солтүстігінде және таулы аудандарда 3 градус аяз, күндіз 5-10, солтүстігінде және таулы аудандарда 2 градус жылы. Түркістанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 7-9 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 1-6 градус аяз. Оралда күн құбылмалы, түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз.
Атырау облысы - түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 0-5 градус аяз. Атырау күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 0-2 градус аяз.
Маңғыстау облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, солтүстігі мен орталығында 2 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, облыстың солтүстігінде 0 градус болады. Ақтау күн бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Түнде кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 6-8 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігі мен оңтүстік-батысында аздаған қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 3-8 градус аяз. Ақтөбе күн бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 4-6 градус аяз.
Қостанай облысы - облыстың шығысы мен оңтүстігінде қар жауып, жаяу боран соғады, батысында және солтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, батысы мен солтүстігінде 14, күндіз 4-9 градус аяз. Қостанайда күн құбылмалы, түнде аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 5-7 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 5-10 градус аяз. Петропавлда көшпелі бұлтты, түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 7-9 градус аяз.
Павлодар облысы - қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 3-8 градус аяз. Павлодарда бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.
Қарағанды облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундсына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 1 градус жылы. Қарағандыда көшпелі бұлтты, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 6-8 градус аяз.
Ұлытау облысы - күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 3-8 градус аяз. Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 3-5 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысы - облыстың солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында секундсына 15-20 метр. Ауа
температурасы түнде 5-10, облыстың таулы аудандарында 15 градус аяз, күндіз 2-7, облыстың таулы аудандарында 10 градус аяз. Өскеменде бұлтты, түнде қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 аяз, күндіз 2-4 градус аяз.
Абай облысы - түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігі мен батысында секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың батысында 12 градус аяз, күндіз 0-5, облыстың батысында 8 градус аяз. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 0-2 градус аяз.
Қызылорда облысы - облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3 аяз бен 2 градус жылы аралығында, облыстың солтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус аяз. Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1 аяз бен 1 градус жылы аралығында, күндіз 3-5 градус жылы.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың таулы аудандарында екпіні секундсына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 3 градус аяз, күндіз 4-9 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 0 градус. Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундсына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 5-7 градус жылы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz