29 жастағы ер адам өз қызын қорлағаны үшін өмір бойына сотталды

29 жастағы ер адам өз қызын қорлағаны үшін өмір бойына сотталды
Фото: depositphotos.com

СҚО-да қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында өзінің сегіз жастағы қызына зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған 29 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.

Бұл іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 2024 жылғы қазаннан бастап жабық режимде қаралды. Судья Ерлан Нұршәріпов үкімді 24 ақпанда шығарды.

"Сот С.-ға өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды", - деп жазылған ақпаратта.

Сотталған адам жазасын өмір бойы төтенше қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сот сотталушыдан үш миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян, бір миллион теңге сомасында өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығындарды өндіріп алу туралы шешім шығарған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова