- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дүкендегі ұрлық
29 жастағы астаналық дүкеннен виски, коньяк пен арақ ұрлап кеткен
Астанада полицейлер дүкеннен ұрлық жасаған ер адамды құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға белгісіз біреудің дүкен ғимаратын ашып, мүлкін ұрлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекетінің арқасында 29 жастағы жергілікті тұрғын ізін суытпай анықталды.
Ер адам өз қылмысын мойындады. Белгілі болғандай, ол ғимаратқа еркін кіру арқылы жасырын түрде 50 қорап чипсы, 2 бөтелке виски, 15 бөтелке коньяк және 7 бөтелке арақ ұрлап алып кетіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің ғимаратқа пластикалық терезе арқылы кіргенін анықтады. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түскен. Заттай айғақтар алынып, дүкен иесіне қайтарылды. Аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын танытып, мүлкін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Дүкендер мен үйлердің терезелері мен есіктерінде темір торлармен және сенімді құлыптар болған абзал. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй-жайларға бейнебақылау камералары мен күзет дабылдарын орнату қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина