- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "289 адам алданды"....
"289 адам алданды". Өскеменде әйел адам шын мәнінде жоқ қантты сатқаны үшін сотталды
Өскеменде әйел адам шын мәнінде жоқ қантты сатқаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Алаяқ әйел 289 тұрғынды алдаған. Ол тұрғындарды 100 миллион теңгеге алдаған.
2022 жылдың жазында айыпталушы дүкендерде қант тапшылығы болғанын пайдаланып WhatsApp арқылы қант сататыны туралы хабарлама таратқан. Ол егер сатып алушылар 100 пайыз алдын ала төлем жасаса қантты нарықтағы бағадан арзан сататынын айтқан. Бірақ ақша аударған сатып алушылар ақыры тауарды алмаған.
Осылайша алаяқ 289 адамды алдап, жалпы 102 миллион теңге жинап алған.
Сот әйел адамды қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасы бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жыл бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина