“28,5 млн теңге көлемінде пара алды“. Шымкентте университет ректорына тергеу жүріп жатыр

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов университетінің ректорына қатысты тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге көлемінде парамен ұсталды" деген ақпарат пайда болды. Онда оқу орнының тағы екі лауазымды тұлғасы мен екі компанияның басшылары қамауға алынғандығы хабарланған.

 Экономикалық тергеу департаментінде ректордың ұсталғаны туралы ақпарат расталды.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеудің құпиялылығына байланысты ақпарат жария етілмейді", – деді Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Санат Құлбаев.

Әзірге істің мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені ғана белгілі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз