- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “28 сағат тамақ...
“28 сағат тамақ ішпедім“. Актриса Фариза Ескермес тойға қалай дайындалғанын айтты
Фото:
instagram/fariza_yeskermes
Танымал актриса, "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермес тұрмысқа шығатын күні қалай толқығаны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Соңғы рет 28 сағат бұрын тамақ ішкен шығармын. Ал өзімнің үйлену тойымда мүлде ешнәрсе жемедім. Әр секундты жіберіп алғым келмей отырдым. Әр сәттен ләззат алғым келгені сонша, уақытымды тамақтануға құртқым келмеді. Қазір тамақ жеп отырып қаншалықты қарным ашқанын енді ғана түсіндім", - деді ол тойдан кейінгі әсерін бөлісіп.
Еске салайық, танымал актриса Фариза Ескермес жақында басқа ұлттың азаматына ұзатылған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева