Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны жанжал барысында өгей әкесіне 28 рет пышақ сұққан, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, қанды оқиға Есіл ауданының орталығы Явленка ауылында болған.
"Явленка ауылының 24 жастағы тұрғыны өгей әкесімен бірге ішімдік ішкен. Олар жанжалдасып қалып, артынша ер адам қарсыласына көптеген пышақ жарақатын салған. 1976 жылы туған ер адам оқиға орнында қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Прокуратура бұған қатысты қылмыстық іс қозғады. Құзырлы орган өкілдері ер адамның қылмысты мас күйінде жасағанын растап отыр.
"Есіл ауданының полиция бөлімі осы дерек бойынша қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі кісі өлтіру бойынша соталды тергеу бастады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы облыс және аудан прокуратурасының бақылауына алынды", - дейді СҚО Есіл ауданының прокуроры Тыныбек Сапаров.
Енді 24 жастағы жігіт бұл әрекеті үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!