Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 28 қаңтар күні қатты аяз болады. Сондай-ақ, метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда, республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі және боран соғады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлеріндежел күшейеді, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді.Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде желдің екпіні секундына 18-23 метр болып, түнде кей жерлерінде тұман түседі, - деп ескертті мамандар. Сонымен қатар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Атырау, Ақтөбе облыстарының да кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. kaztengrinews.kz