Малайзияда таңғаларлық жағдай болды. Фарах Файзал есімді қыз жүкті кезінде беті терең әжімге толып кетті. Ол қатты күйзеліске түсіп, енді осындай болып қаламын деп уайымдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор питерге" сілтеме жасап.
Жүктілік - кез келген әйел ағзасы үшін табиғи, бірақ ауыр процесс. Дене бітім мен гормон фоны түбегейлі өзгеріске ұшырайды, бұл сыртқы келбетке де, көңіл күйге де әсер етпей қоймайды.
Көптеген әйелдің шашы түсіп, тері, салмақ және тісінде проблема пайда болады. Дәрігерлер олардың жағдайын қалыпты ұстау үшін арнайы диета, дәрумендер мен минералды қоспалар тағайындайды.
Алайда Малайзиядағы бұл оқиға шын мәнінде ерекше. 28 жастағы Фарах Файзал жүктілік кезінде танымастай өзгерді. Оның бет терісі күрт қартайып кеткен.
"Тоғыз ай бойы қиналдым, көз жасым қалмағанша жыладым, қазір анамын. Қалпыма келу процесі жалғасып жатыр, бірақ әлі де өте қиын", - дейді Фарах Oddity Central басылымына.
Оның айтуынша, бет терісі екінші триместрде өзгере бастаған. Терісі кедір-бұдыр болып, әжім толып, қатты қышып, ірің толған бөртпелер шықты. Әдеттегі күтім құралдары көмектеспеді. Жүктіліктің соңғы айларында жағдай одан әрі нашарлап, беті күйіп тұрғандай сезім пайда болды, қышу күшейді.
Фарах қатты қорқып, үмітсіздікке түсті. Жарты жыл терісі таза еді.
Дәрігерлердің айтуынша, мұның бәрі – гормон өзгерістердің салдары. Жүктілік оның гормон жүйесіне соншалықты қатты әсер еткен, нәтижесінде осындай ауыр белгілер пайда болған.
Фарахтың сөзінше, оған күйеуі көп қолдау көрсеткен. Ол әйеліне әрдайым әдемі екенін айтып, босанғаннан кейін бәрі қалпына келетініне сендіріп отырған.
"Күйеуім – менің тірегім. Ол қорқынышымды сейілтіп, менің әдемі, мықты әрі сүйіспеншілікке лайық екенімді үнемі еске салады", – дейді малайзиялық әйел.
Қыз босанғаннан кейін біраз уақыт бойы беті әжімденіп қалғанымен, көп ұзамай жағдайы өзгере бастаған: бөртпелер кетіп, терісі біртіндеп тегістелді.
Қазір Фарах әлі де қалпына келу кезеңінде. Ол өзінің оқиғасы әйелге жүктіліктің қаншалық күшті әсер етуі мүмкін екенін дәлел болғанын айтады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек