Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні секундына 23-28 метр болады.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!