Ақтөбе қаласында салынатын жаңа әуежай үшін 270 миллиард теңге қажет екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақтөбе Таймс" басылымының жазуынша, бюджетте әзірге мұндай шығындарды жабатын ақша жоқ. Алайда қала билігі жаңа әуежай салудан әлі бас тартпады.
Еске салайық, жаңа әуежайды облыс орталығынан 30 шақырымдай жердегі Алғын ауданында салу жоспарланған болатын. Ауылдан 5 шақырым жерде Сазды мен Тамды өзендерінің аралығында орналасқан Нұрбұлақ-1 учаскесі таңдалғаны туралы да ақпарат тараған еді. Құрылыс 2025 жылы басталып, 2028 жылы аяқталады деп жоспарланып еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!