Синоптиктер ертең, 27 тамызда елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпіні күшті жел соғатынын және кей өңірде бұршақ жауып, шаңды дауыл болатынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысының орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, дауыл болады. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды, солтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман.
Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз