Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында, сондай-ақ 28 мамырда солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кешке қарай кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Іле Алатауы тауларында, Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні 15-20 метр, күндіз кей уақытта секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 12-17 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, кей уақытта 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Ақмола облысында батыста, оңтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 27-32 градус жылы болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматы облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге, күндіз оңтүстік пен таулы аудандарда секундына 25 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, таулы аудандарда 4-9, күндіз 23-28, таулы аудандарда 12-17 градус жылы болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыс орталығында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың шығысы мен таулы аудандарында екпіні 15-20 метрге, кей уақытта секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, таулы аудандарда 8, күндіз 26-31, таулы аудандарда 21 градус жылы болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады. Күннің соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, дауыл тұрады. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 13, күндіз 25-30, таулы аудандарда 21 градус жылы болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 метр, кей уақытта 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 7, күндіз 17-22 градус жылы болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Атырау облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде 15-20 метрге, күндіз 15-20 метрге, облыстың шығысында кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 18-23 градус жылы болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 20-22 градус жылы болады.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен орталығында кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 22-27, облыстың батысында 18 градус жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 18-20 градус жылы болады.
Ақтөбе облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге, облыстың оңтүстігі, шығысы мен орталығында кей уақытта секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың оңтүстігінде 21, күндіз 19-24, облыстың оңтүстігі мен шығысында 29 градус жылы болады.
Ақтөбеде күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 метр, күндіз 7-12 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 22-24 градус жылы болады.
Қостанай облысында түнде облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 29-34 градус жылы болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 31-33 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, батысы мен оңтүстігінде кей уақытта 25 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың батысында 18, күндіз 25-30, батысында 33 градус жылы болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Павлодар облысының солтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 28-33 градус жылы болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 градус жылы болады.
Қарағанды облысында түнде және күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың шығысында 12, күндіз 28-33, батысында 24 градус жылы болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 5-10 метр, күндіз 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігі мен орталығында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың шығысында 13, күндіз 22-27, шығысында 30 градус жылы болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 5-10 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың оңтүстік-шығысы мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 4-9, облыстың оңтүстігі мен орталығында 14, күндіз 27-32, шығысында 22 градус жылы болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Абай облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-12, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз 28-33 градус жылы болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 4-9 метр, күндіз 9-14 метр болады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 29-31 градус жылы болады.
Қызылорда облысында түнде облыстың оңтүстігі, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың шығысында, солтүстігі мен орталығында дауыл тұрып, шаңды дауыл соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, батысында екпіні секундына 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, күндіз 27-32, батысында 24 градус жылы болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Жамбыл облысында түнде облыстың батысында, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таулы аудандарда кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 метр, күндіз екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-20, таулы аудандарда 10, күндіз 23-28, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 метр, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта 23 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!