- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 27 жастағы атыраулық...
27 жастағы атыраулық ер адам әйелдің даусын салып адамдарды алдаған
Атыраулық полицейлер алаяқтың дауысын өзгертіп, телефон арқылы қалай алдайтынын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
18 қарашада Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері "Hi-Tech" іс-шарасы кезінде Krisha.kz парақшасында пәтерді жалға беремін деп жалған хабарлама беру арқылы тұрғындардан алдын ала төлем ретінде алаяқтық жолмен ақша иемденген 1996 жылы туған күдіктіні ұстады.
Күдікті 27 жастағы ер адам болса да әр түрлі үнге дауысын өзгертіп жас қыз немесе әйел адам болып телефон арқылы оңай алдап отырған. Пәтер жалға алу хабарламасы бойынша 37 жастағы қала тұрғыны Whatsapp әлеуметтік желісі арқылы хат алмасып, күдіктіге алдын ала 50 000 теңге ақша қаражатын аударған.
Тергеу кезінде күдіктінің осындай 3 қылмыстық іске қатысы бары анықталды.
ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина