27 жастағы атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы неміс миллиардері Хорст-Дитер Эшқа тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atyrauoil.official-ға сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты бірнеше ай бұрын заңды некеге тұрып, жақында олардың қызы өмірге келген. Миллиардердің тұңғыш қызы 1971 жылы туған.
Қазіргі таңда ерлі-зайыпты Мексикада тұрады, АҚШ-та жылжымайтын мүліктері бар. Кәсіпкердің өзі Германияда туған.
Алина тұрмысқа шыққаннан кейін достарымен араласуы сиреп, енді ол тек күйеуінің ортасындағы адамдармен араласатын көрінеді. Ата-анасы оның таңдауына қарсы шықпаған. Қазіргі таңда ол жеке өміріне қатысты пікір білдірмейді.
Алинаның ата-анасы киім дүкенінің иесі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!