+27 градусқа дейін жылы: сенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" сенбі, 17 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның басым бөлігінде күн ала бұлтты болып, кей жерлерде жаңбыр жауады деп күтіледі. Бірқатар өңірлерде тұман, екпінді жел мен шаңды дауыл болжанады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана – күн ала бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Алматы – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 13-15 градус жылы.

Шымкент – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.

Түркістан – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, түнде екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Қонаев – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 15-17 градус жылы.

Қызылорда – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.

Талдықорған – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 6-8 градус үсік жүреді, күндіз 14-16 градус жылы.

Тараз – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.

Ақтау – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Ақтөбе – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.

Атырау – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.

Орал – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Қарағанды – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.

Жезқазған – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 4-9 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 12-14 градус жылы.

Көкшетау – күн ала бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.

Қостанай – күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Петропавл – күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.

Павлодар – күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Тұман. Жел батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы.

Семей – күн ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кейін бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 7-9 градус жылы.

Өскемен – күн ала бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!