Синоптиктер 26 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Абай облысында 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, шығыс бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Түркістан облысының басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Шымкентте күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 26 шілдеде облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.
Алматыда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!