- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қолайсыз ауа райы
26 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады
Синоптиктердің болжамына қарағанда, ертең, 26 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан