- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 26 жастағы қостанайлық...
26 жастағы қостанайлық гүл отырғызылған ыдыстарды қиратып кеткен
Қостанайда полицейлер 50-ден астам гүл отырғызылған ыдысты сындырған мас тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
4 қыркүйек күні таңғы уақытта тұрғын полицияға Абай-Павлов көшелерінің қиылысында арнайы ыдысқа отырғызылған гүлдерді лақтырған ер адам туралы хабарлады. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында жатқан 50-ге жуық ыдысқа отырғызылған сынған гүлдерді көрді.
Күдікті 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, оны полиция қызметкерлері келесі көшеде ұстады. Осы уақытқа дейін ол дүкенге кіріп, есікті әдейі зақымдап үлгерген. Медициналық куәландыру арқылы оның "орташа дәрежеде" мас екені расталды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылған. Ол бірден төрт факт бойынша әкімшілік жазаға тартылады. Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін оған шамамен 19 мың теңге айыппұл салынды.
Әр жағдай бойынша гүлзарлар мен дүкен есіктерін қасақана бүлдіргені үшін 73 мың теңге айыппұл арқалайды немесе он бес тәулікке дейін қамауға алынады. Сонымен қатар ол ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылады. Сот іс жүргізу шешімін қабылдайды. Қала әкімдігінің мәліметінше, бұзақы келтірген залал шамамен 360 мың теңге. Сондай-ақ әкімдік гүлзарларды отырғызу көктемде жүргізілгенін, ал жаз бойы қала көгалдандырушылары арнайы күтім-суару, арамшөптер мен қопсыту жұмыстарын жүргізгенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина