Қазақстандық ару Америкада 45 тоннаның жүк көлігін жүргізген. Бұл туралы ол Қазақстан арнасына берген сұхбатында айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
45 штатта болған Сымбат Кәрімбек 26 жаста. Ол біраз уақыт ауыр жүк көлігін айдаған.
"Ең алғаш 4 жарым жыл бұрын келдім. Басында ұнаған жоқ, Қазақстанға қайтып кеттім. Сосын қайта келдім. Жүк көлігін айдап жүргеніме бір жылдан асты. Оқуға келсең басқаша шығар, өмір сүруге келсең басқаша", - деді ол.
Сымбаттың сөзінше, оның мұндай жүк көлігін жүргізетініне бәрі таңғалады.
"Бәрі "аяғың, қолың жете ме" дейді. Бойым - 1.55. Салмағым - 45 келі. ...Жүк көлігі адамды шыдамдылыққа үйретеді. ...Жүк көлігіндегі карьерам аяқталды. IT саласы бойынша оқуға түсіп жатырмын", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!