Велосипед ұрлаған 26 жастағы астаналық ұсталды. Ол қараусыз қалдырылған велосипедті әдейі іздеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғынның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Ол кешкі уақытта қараңғы кезді пайдаланып, дәмхана маңындағы велосипедті ұрлауға бел буған. Сөйтіп үй иесінің жоқтығын аңғарған ол велосипедті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге 50 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Қазіргі уақытта ұрланған BMX велосипеді кәмелетке толмаған жеткіншекке қайтарылды. Ер адамға қатысты 188-бап "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!