Алматы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі Asar Baspana қаржы пирамидасы бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.
Қаржы пирамидасына 90 мыңнан аса азамат тартылған, олар 25 млрд теңгеден аса қаржы салған.
"Қаржы көп жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылауындағы шоттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар оны жеке мақсатына пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Еске салайық, 2025 жылы Asar Baspana ұйымдастырушылары ұсталды. Сонымен қатар, ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз