• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

25 млн теңгенің малын ұрлағандар ұсталды

25 млн теңгенің малын ұрлағандар ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында 25 млн теңгенің малын ұрлаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Кейінгі алты ай ішінде бір топ адам Арқалық қаласы мен оған жақын ауылдық округтердің аумағында сегіз адамның малын ұрлаған. Осылайша 14 бас ірі қара мен 30 жылқы ұрланған.

"Келтірілген залал 25 млн теңгеден асады. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 27 мен 59 жас аралығындағы бес жергілікті тұрғыннан тұратын топ ұсталды.  Полиция қызметкерлері 15 жылқыны тәркілеп, иелеріне қайтарды. 14 ірі қара мал басына қатысты залал ақшалай көлемде өтелді", - деп жазылған хабарламада.

Полиция пікірі

Топ құрамында аса ірі мөлшерде мал ұрлау бойынша полиция соталды тергеу жүргізіп жатыр. 

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы ауыр қылмысты жасағаны үшін олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget