- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 2,5 млн теңге....
2,5 млн теңге. Босануға дейінгі төлемді есептей білесіз бе?
Елімізде жүкті әйелдер заң бойынша босануға дейін максималды түрде 1 852 000 теңге төлем алуына болады. Қандай құжаттар керек, қалай есептеледі? Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне бухгалтер Ажар Әділболқызы айтып берді.
Төлемді кімдер алады?
Бухгалтердің айтуынша, босануға дейінгі төлем жүкті әйелдің соңғы 12 айдағы орташа табысына байланысты есептеледі.
"Жүкті әйелдерге арналған заң бойынша бекітілген коэфиценттер бар. Орташа жалақыны заңда белгіленген коэфицентке көбейтеміз. Коэффиценттер жағдайға байланысты әртүрлі болады. Шыққан сомадан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасы ұсталады. Қалған сома жүкті әйелдің есепшотына түседі", - деді Ажар Аділболқызы.
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, әлеуметтік аударым төлесе, қалай есептелетінін маман айтып берді.
"Алдымен, жүкті әйелдің өз атына ашылған жеке кәсіпкерлік жұмыс істеп тұрған әрі табысы болуы керек. 2023 жыл үшін ЖК-дан максималды төленетін сома - 1 852 200 теңге. Ал ядролық сынаққа ұшыраған аймақтағы жүкті әйелдерге максималды бір жұмыс орнынан 2 513 700 теңге төленеді. Сондай-ақ, екі немесе одан да көп жерде жұмыс істесе, әр жұмыс орнынан босануға дейінгі төлем алуға болады. Максималды түрде 7МЗП - 490 000 теңге әр жұмыс орнынан қарастырылады", - деді бугхалтер.
Есептеу тәсілі қандай?
Босануға дейінгі төлемді мына формуламен есептейміз:
12 айдың орташа айлық табыс мөлшері * жұмысқа жарамсыздық күндер коэффиценті - 10 % (міндетті зейнетақы жарнасы)
Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны. Жалақысы - 150 000 теңге. 30 аптасына дейін жеке кәсіпкерлікке максималды 5 ай төлеп отырған.
(150 000 - 10%) * 12 ай + (490 000*5 ай) = (1 620 000 + 2 450 000) /12 = 339 166 теңге.
339 166 * 4,2 = 1 424 497
1 424 497 - 10% = 1 282 047 теңге есепшотқа түседі.
немесе
Жеке кәсіпкерлікке максималды сомамен 8 ай төлесе:
(490 000* 8 ай)/12=326 667 тг
326 667 * 4,2 =1 372 001 тг
1 372 001-10 % = 1 234 801 тг ала алады.
Максималды төлем мөлшері қанша?
Босануға дейінгі төлемді жеке кәсіпкерлікке берілген сомада салсаңыз мерзіміне қарай есептеліп, 850 500 теңге төленеді. Маман арнайы кесте жасап, бізге ұсынды.
Ал максималды төлем алу үшін 12 ай бойы 84 725 теңге төлеп отыру керек. Сол кезде максималды төлем 1 852 200 теңге алуға болады. Түсінікті болу үшін кестеде барлығы көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін жұмыссыздарға ай сайын төленетін жәрдемақы туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Декретте қанша жыл отыруға болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы