2,5 миллион теңгенің малын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 2 миллион 500 мың теңгенің ірі қара малын ұрлады деген күдікке ілінген қылмыстық топ әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында үш тұрғын облыс аудандарының бірінен алты ірі қара малды ұрлағаны анықталды.

Жедел уәкілдер қылмыс жасалған түні күдіктілерді Омбы-Майқапшағай тасжолында ұстаған.

Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Полицейлер олардың осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында құны 128 миллион теңге болатын мал ұрланғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!