"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 25 қазанда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!