"25 жылда 25 келі қосылған". Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео жариялады

"25 жылда 25 келі қосылған". Мақпал Жүнісова Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео жариялады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның 25 жыл бұрынғы үйлену тойынан видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"25 жыл бұрын Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан видео түсті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Желі қолданушылары Мақпал Жүнісоваға жағымды пікір жазып жатыр. "Мақпал түк өзгермеген екен ғой содан бері" деп пікір қалдырған оқырманына әнші "25 жылда 25 кг қосылған" деп әзілмен жауап берді. 

Ал "Сол қалпысыз ғой, Мақпал апа. Бетіңізді қалай күтесіз? Роза Бағланова апамызда да осындай аппақ таза бет болып еді, содан кейін сіздің бетіңіз сондай. Қартаймаңыз, аман болыңыз" деп жазған оқырманына "Роза апамның сарқытымын ғой,апамнан жұғысты болған болар" деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева