“25 жыл бойы тіссіз жүрген“. Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген. 

"12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпіш тісіме тиіп кетті", - дейді ол. 

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған. 

"Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін", - деді әйел. 

@mamacita.kz

♬ оригинальный звук - Mamacita

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған. 

"Әр әйел бақытты болуға лайық", "Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады", - деп жазған олар. 

Еске салайық, бұған дейін көшеде жұпыны киінген қарияның адам танымастай өзгерген бейнесі жұртты таңғалдырған еді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!