25 жастағы ер адам Каспийге батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 шілдеде болды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі айтты.
Баспасөз қызметі мәліметінше, 7 шілдеде сағат 22:00 шамасында 1999 жылы туған ер адам шомылу кезінде суға батып кеткен. Жігіт шомылуға арналған жерде қайтыс болды.
Жеті қызметкерден тұратын ТЖД іздеу тобы 8 шілдеде таңғы 6:17-де суға батқан адамды тапты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!