- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 25 жастағы боксшы...
25 жастағы боксшы ауыр нокауттан кейін қайтыс болды
Фото:
Sport24.ua.
Супер жеңіл салмақтағы колумбиялық проспект Луис Куиньонес (10-1, 6 КО) 25 жасына қараған шағында қаза тапты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
26 қыркүйекте Колумбияның Барранкилья қаласында өткен бокс кешінде Куиньонес венесуэлалық Хосе Муньоспен (9-0, 7 КО) жекпе-жекке шығып, сегізінші раундта нокаутқа түскен еді. Бұл оның карьерасындағы алғашқы жеңіліс болды.
Нокатуқа түскен Луисті рингтен бірден ауруханаға алып кетті. Кейін оны жасанды комаға түсіріп, операция жасаған болатын.
Дәрігерлер боксшыға миы өлді деген диагноз қойып, оны ажалдан аман алып қала алмады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек