Синоптиктер алдағы жұмыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады: жауын-шашын, негізінен қар, бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр. Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнде ауа температурасы 0-13 градус аяздан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!