• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

25 градус аяз, қар, жаяу бұрқасын: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

25 градус аяз, қар, жаяу бұрқасын: 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Фото: depositphotos.com

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 6 ақпанда Қазақстанның 14 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпін секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 25 градус аяз болады.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget