Елімізде алдағы күндері ауа температурасы жоғары болады, − деп хабарлайды "Қазгидромет" кәсіпорны. Назарларыңызға 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынамыз.
Синоптиктердің мәліметінше, Сібір антициклоны атлантика циклонына байланысты ылғалы мол жылы ауа массасының ығыстыруымен, ыдырайды. Ал оның орнына еліміздің аумағына Ресейдің Еуропалық аумағынан және оңтүстік-батыс Азиядан жылы атмосфералық фронт келеді.
"Атмосфералық фронттарға байланысты еліміздің басым бөлігі жауын-шашынды, бұлтты (жаңбыр, қарлы жаңбыр) болады. Сонымен қатар тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік облыстарда желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Дегенмен ауа температурасы климаттық нормадан әлі де жоғары болады", − деп хабарлайды метеорологтар.
Дереккөз: Tengrinews.kz