Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, биыл Қазақстанда 3 577 үміткер докторантураға құжат тапсырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.
11 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға түсу емтиханына 3 577 үміткер өтініш тапсырған. Биылдан бастап докторантура оқитындардың шәкіртақысы 240 мың теңге болып белгіленген болатын.
Түсу емтиханының уақыты туралы ақпарат талапкердің testcenter.kz сайтындағы жеке кабинетінде "Менің іс-әрекетім" бөлімінде жарияланды.
Емтиханға қатысу құны — 21 072 теңге.
TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар емтихан басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеу тапсырады.
Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны — 14 162 теңге.
Түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек.
2024 жылы шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттардың шекті деңгейі B1-ге дейін төмендетілді және тізімге TOEIC және Duolingo English Test сертификаттары енгізілді.
Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл — 75 балл.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз