- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 24 сәуірде Қазақстанның...
24 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жауын болады
Синоптиктер 24 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Казгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон және атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етіп, найзағайлы жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста бұршақ жауады деп күтіледі.
Ел бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл болады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел болады.
Тек елдің солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қызылорда облысының орталығы мен шығысында, Қызылордада, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары.
Астанада көшпелі бұлт күтіледі, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін, +10...+12 болады.
Алматыда бұлтты болады, найзағай соғып, жаңбыр жауады, жел 3-8, екпіні 15-20 м / с дейін, +23...+25.
Шымкентте көшпелі бұлт, жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с дейін, +27...+29.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә