24 қаңтарда Астанада оқушылар қалай оқиды?

Астанада аяз салдарынан үшінші күн қатарынан оқушылар қашықтан оқуға ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2-курстың студенттері (9-сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Астана білім басқармасының хабарламасында.

Еске салайық, "Қазгидромет" Астанада 24-26 қаңтар күндері ауа райы қандай болатынын ұсынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз