• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

24 қаңтарда Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қалай оқиды?

24 қаңтарда Астанада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары қалай оқиды?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада аяздың беті басылмай тұр. Бүгін де екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқитын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 24 қаңтарда екінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - деп хабарлады білім басқармасы.

Еске салайық, бұған дейін екі күн мектеп оқушылары ғана емес, колледждің 1-2 курс студенттері де қашықтан оқыған еді.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, бүгін күндіз 21-23 градус аяз болса, ал 25 қаңтарда түнде 25 градусқа дейін төмендейді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget