- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "24 жыл -...
"24 жыл - бұл әділ әрі жеткілікті жаза". Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың үкімі туралы
Прокурор Айжан Аймағанова Tengrinews.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында Қуандық Бишімбаевтың үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, айыптаушы тарап алқабилердің үкіміне қанағаттанады. Айжан Аймағанованың пікірінше, Қуандық Бишімбаевты қорғаушы тарапы сот шешіміне шағымданады.
"Бірақ менің ойымша, үкім өзгермейді.
Біз 20 жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін 99-бап және 7 жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін 110-бап бойынша бағдар алдық. Ішінара қосу арқылы - Қылмыстық кодекстің 58-бабы - біз 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрадық. Бұл максималды мерзімге жақын... 24 жыл да аз уақыт емес, сондықтан бұл жеткілікті жаза. Әділ", - деді Айжан Аймағанова Tengrinews.kz берген сұхбат барысында.
Сондай-ақ, прокурор сот процесінің жоғары дейгейде ұйымдастырылғанына назар аударды.
"Бұл Қазақстан тарихында тікелей эфирде көрсетілген алғашқы іс екенін ескеріп... Менің ойымша, сот жоғары деңгейде ұйымдастырғанын ескеру керек. Барлық микрофон, сот ісін жүргізудің өзі кәсіби деңгейде болды", - деп қосты ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көп нүкте қандай жағдайда қойылады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә