232 адамды алдап соққан: Алматы полициясы “жыл алаяғын“ құрықтады

Алматыда полиция 232 адам зардап шеккен ірі алаяқтық жасаған күдіктіні құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

"Түркістан облысының 27 жастағы тұрғыны Алматыда жүріп 232 адамды алдап кеткен. Ер адам бейтаныс адамдардың атына көлік несиесін рәсімдеген. Ай сайынғы жарнаны өз күшімен төлеймін деп, көліктерді өзіне алып алған. Аңғал азаматтарды оның сыйақысы - 1 миллион теңге қызықтырды", - делінген хабарламада.

Полиция күдіктіні ұстап, қамауға алды. Күдікті осыған ұқсас қылмыстар жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!