ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Boxy Wealth қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнама материалдарын қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан аса және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.
Сондай-ақ, реферал сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.
"Салымшылардың қаражаты дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған. 180-нен аса азамат жәбірленуші деп танылған, оларға 230 млн теңге көлемінде залал келген", - деді ҚМА өкілі.
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова