ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаменті марганец кенін заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан топтың әрекетін әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер қолданыстан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытқан. Оқиға орнында ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары қолданылған толық тау-кен байыту кешені іске қосылған.
Өндірілген кен тауарлық концентрат ретінде өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған.
Күдіктілер шикізатты жүйелі түрде тиеп-жөнелту үшін теміржол тұйығын жалға алған. Тергеу дерегінше, өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған.
Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келген. Бүлінген жерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз