"Қазгидромет" республика қалалары бойынша сенбі, 23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және екпінді жел соғады деп күтіледі, солтүстікте – найзағай, бұршақ жауады. Шығыста үсік жүреді деп болжанса, батыста жылы әрі негізінен құрғақ ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 21-23 градус жылы.
Алматы – көшпелі бұлт, түнде жаңбыр жауады, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секунына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Шымкент – көшпелі бұлт, түнде жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Түркістан – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.
Қонаев – көшпелі бұлт, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.
Талдықорған – көшпелі бұлт, түнде шамалы жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр, ал күндіз 14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Қызылорда – ашық. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндізгі екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Тараз – көшпелі бұлт, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндізгі екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтау – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Атырау – бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.
Орал – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Ақтөбе – ашық. Желдің бағыты құбылмалы, ал екпіні секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы.
Қарағанды – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 4-9 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 18-20 градус жылы.
Жезқазған – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Қостанай – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.
Көкшетау – көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Петропавл – көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20, күндізгі екпіні 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.
Павлодар – көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндізгі екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Семей – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 18-20 градус жылы.
Өскемен – көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 15-17 градус жылы.
С. Бөлек