23 күн бұрын жоғалып кеткен ақтаулық Александр Гипфнер табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lider.kz еріктілер тобына сілтеме жасап.
23 күн бұрын жоғалып кеткен 52 жастағы Александр Гипфнер 26 қыркүйекте аман-есен табылған. Ер адамның сөзінше, ол бұл уақытқа дейін жұмыста болған. Туыстарына айтпаған. Ер адам ол іздеуде жүргенін білмеген.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 52 жастағы тұрғын Александр Гипфнер табылмай жатқаны хабарланған болатын.
Lider.kz мәліметінше, олардың Instagram-дағы жазбасында Желі қолданушысы Александр Гипфнерге ұқсас адамды үш күн бұрын қаладағы 4 шағынауданда көргенін айтқан.
"Ол инсульт алған секілді көрінді, себебі біртүрлі болып тұрды. Ол жан-жағына қарап тұрды", - дейді Желі қолданушысы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз