"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 қарашада елдің 13 өңірінде және екі қаласында ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.
Астанада көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, түнде кей уақыттарда екпіні 25 м/с болады.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстаң жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с болады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, түнде кей уақыттарда екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с.
Шымкентте таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтауда 22 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 22-24 қарашада солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Атырау облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан да аса күтіледі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!