- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- 23 қаңтардан бері...
23 қаңтардан бері Алматыда 8 мыңнан аса жер сілкінісі болған
Фото:
Tengrinews.kz
23 қаңтардан бері Алматыда 8 мыңнан аса жер сілкінісі болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.
"Бүгін сағат 10:14-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл 23 қаңтарда болған жер сілкінісінің афтершогы. 23 қаңтардан бастап 8 мыңнан аса жер сілкініс болды. 100-ден аса жер сілкінісің магнитудасы 5-тен жоғары болды. 20-сы ғана сезілді", - дейді Данияр Сәрсенбаев.
Еске салайық, бүгін сағат 10:14-те Алматыда 3 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина