Никарагуалық Шейнис Паласиос "Ғалам аруы - 2023" халықаралық байқауында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ғалам аруы - 2023" халықаралық байқауына әртүрлі елден 84 үміткер қатысты. Байқау Сальвадорда өтті.
Халықаралық сұлулық байқауының қорытындысы бойынша Никарагуадан келген 23 жастағы Шейнис Паласиос ғаламдағы ең әдемі қыз ретінде танылды.
Байқауда Қазақстан атынан Miss Almaty 2022 және Vice Miss Qazaqstan 2022 титулдарының иегері Томирис Заир қатысты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!