23 жастағы қазақстандық чемпион өмірден өтті

23 жастағы қазақстандық чемпион өмірден өтті

23 жастағы қостанайлық параспортшы, мүгедектер арбасында отырып билеуден спорт шебері Малика Мұқтарова өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Бүгін, 15 мамырда Малика Мұқтарованың Instagram-дағы парақшасында марқұмды қайда және қашан соңғы сапарға шығарып салатыны туралы ақпарат жарияланған.

Малика Мұқтарова – мүгедектер арбасында отырып билеуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол екі рет Азия кубогында чемпион атанды, екі рет әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді, 2021 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында күміс, ақыры, Словакияда өткен әлем чемпионатында "алтын" жеңіп алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Малика Болатовна (@muktarova_malika_)

Ол Қостанайда дүниеге келген, туған кезде оған церебральды сал ауруы диагнозы қойылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Малика Болатовна (@muktarova_malika_)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан